Автор: Шапагат Торгай

Донор болу арқылы 10 жыл сауапты іс жасап жүрген қызылорда қаласының тұрғыны Алтынбек Дүзелбаев 62 жасқа толды. Осы ретте Облыстық қан орталығының мамандары алғыс білдіріп, сыйлықтарын табыстады. Туылған күнінде  өзгеге көмек көрсетіп жүрген Алтынбек Дүзелбаев 2013 жылдан бері 53 рет қан тапсырған. Сондай-ақ,  қан қысымы ауруларына шипа екенін тілге тиек етті. Айтуынша қан тапсыру адам ағзасына пайдалы. Денсаулығыма да зор септігін тигізуде, — дейді ол. Айта кетейік, жылына қан тапсыру орталығына   шамамен 250-ге жуық тұрақты донор тіркеледі. Қан тапсыру 18 жастан асқан әрбір азаматқа рұқсат етіледі. Статистика бойынша бір донор 3 адам өмірін құтқарады. Ал, тұрақты қан тапсыратын әрбір азамат…

Read More

Өңірімізде жаңа жоғары оқу орны ашылады. «Қызылорда технология және қызмет» институты мен «Болашақ» университеті бірігіп, «Қызылорда Ашық» университеті болып  құрылмақ. Ел ағалары студенттер мүддесі мен жарқын болашақ құру мақсатында осындай келісімге келген. «Қызылорда Ашық» университетінің өз принциптері мен академиялық саясаты болады.Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне 120 магистрат пен 1200 бакалавр ауысуға өтінім білдірген. Студенттер үшін ақжолтай жаңалық ақылы негізде білім алушылар қаражаттарын «Болашақ» университетінде бекітілген бағамен төлем жасайтын болады.

Read More

2022 жылы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бюджеттен 24,2 млрд. теңге бөлінген болатын. Соның негізінде 115 нысанның құрылысы жүргізілді. Демек құрылыс саласының көрсеткіші 116,6 пайызға, ал тұрғын үй көрсеткіші 103,3 пайызға өскен. Ал ағымдағы жылға 44,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға 135 нысанның құрылысы жоспарлануда. Басқарма басшысының мәліметінше, биыл құрылыс жұмыстарының көлемі ауқымды болып отыр. Тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бюджеттен 2,7 млрд.теңге қаржы бөлінді. Ол қаржыға 23 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетін болады. Мұнан өзге, қаламыздың сол жағалауындағы көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы алуға өтінім әзірленуде. Сонымен қатар, бюджет есебінен алғаш рет Сырдария…

Read More

Жалған квитанциямен ірі көлемде зат салып алған тұрғын полиция қолына түсті. Алаяқ облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде 7 млн 500 мың теңгеге шығын келтірген. Қызылорда қаласы полиция басқармасына  ірі сауда үйінің иесі қаңтар айының 14 күні арызданған. Өткен жылдың 22 қарашасы күні белгісіз азаматша WhatsApp желісі арқылы онлайн түрде ең алғаш 514 мың теңгеге әйелдер сырт киімдеріне тапсырыс беріп, такси арқылы зат алған. Ұсталған күдікті 34 жастағы азаматша өз кінәсін толық мойындады. Телеграм арқылы жүктеп алған «Фейковые чеки» қосымшасын қолданып, жалған түбіртек арқылы жәбірленушіге 7 миллион 500 мың теңге сомасында залал келтірген.Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі 4 –…

Read More

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 54 жастағы тұрғынның үйін тексеру барысында 2-дана полиэтилен пакетке  салынған ерекше иісі бар шөп тәпріздес және тіркелмеген қару анықталды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат жалпы салмағы 1 кг 367 гр. «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) Сонымен қатар, заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Read More

Есірткі сату дерегі жиілеп кетті соңғы уақытта.  Бұл жолы заңға қайшы әрекетті 52 жастағы облыс тұрғыны жасаған көрінеді. Облыстық полиция департаменті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шиелі ауданының  тұрғыны есірткі затын сатумен айналысып жүргені анықталып полицейлердің қолына түсті.Тексеру барысында тұрғылықты мекен жайынан заңсыз иемденіп, сату мақсатында дайындалған 15 дана сіріңке қораптарына салынған есірткі заты табылды. Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Read More

Қармақшы ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында Қармақшы ауданының жаңа әкімі таныстырылды. Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қармақшы аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Қармақшы ауданының әкімі лауазымына Жандос Еркінбек тағайындалды.Еркінбек Жандос Еркінбекұлы 1983 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын «бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылын басқару» және 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы әскери қызметтен бастап, 2013 жылға дейін атқарған. 2013-2018 жылдары бірқатар компанияларда түрлі деңгейдегі жауапты басшылық қызметтерде болған.  2019-2021 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы, 2021-2022 жылдары Қармақшы ауданы…

Read More

Асқар Тоқмаганбетов атындағы мәдениет үйінде «Қожабековтер» халықтық отбасылық ансамбілінің кезекті жылдық есеп беру концерті өтті. Мерекелік шарада «Қуаныш әжелер» ансамбілі және «Ошаған» театры өнерлерін көрсетті. «Қожабековтер» халықтық отбасылық ансамбілі 2012 жылы құрылып, 2016 жылы маусымда «халықтық» атақ алған. Халықтық ансамбль қазақ халқының ұлттық әндерін, белгілі компазиторлардың ұмытылып бара жатқан туындыларын қайта жаңғыртып өміршең етуде.   Меркелік кеште өнер көрсеткен «Ошаған» театры да Қожабековтер жанұясына тиесілі. Осылайша өнерлі адамдар отбасы тек әншілікті ғана емес актерлық қырларында дамытуда. Сондай-ақ, отбасының отағасы Рүстем Қожабековтың жары Қуанышгүл Ахметқызы ақжаулықты әжелердің басын қосып ансамбль құрған. Қазіргі күні әжелер ауыл аймақ пен ел-елді аралап өнер көрсетіп…

Read More

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқарма басшысы лауазымынаҚалиев Ғанижан Піртазаұлы тағайындалды. ҒанижанҚалиев 1970 жылыҚызылордақаласындадүниегекелген. Алматы халықшаруашылығыинститутын «Экономист» жәнеҚазтұтынуодағыныңҚарағанды экономика университетін «Құқықтану» мамандықтарыбойыншабітірген.Еңбек жолын Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің бақылаушы-ревизоры ретінде бастаған.1992-2003 жылдары Қаржы министрлігіне қарасты комитеттерінде бас бақылаушы-тексеруші, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.2003-2010 жылдары Әділет министрлігінің Қаржы департаменті директорының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі.2010-2016 жылдары Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша инспекциясының басшысы.2016-2019 жылдары Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарған.2019 жылдан осы кезге дейін Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарып келген.

Read More

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Егембергенов Айбек Асылханұлы тағайындалды. Айбек Егембергенов 1987 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.2007 жылы Мемлекеттік Кентау көпсалалы колледжін есептеу техникалары мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету және 2012 жылыПавлодар мемлекеттік педагогикалық институтын құқық және экономика негіздері мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 2008 жылы Түркістан облысының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің хатшысы ретінде бастаған.2009-2015 жылдары «Яссы» колледжінің информатика пәнінің мұғалімі, «Нұрлы Қалқан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженер программисті. 2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы.2019…

Read More