Донор болу арқылы 10 жыл сауапты іс жасап жүрген қызылорда қаласының тұрғыны Алтынбек Дүзелбаев 62 жасқа толды. Осы ретте Облыстық қан орталығының мамандары алғыс білдіріп, сыйлықтарын табыстады.
Туылған күнінде өзгеге көмек көрсетіп жүрген Алтынбек Дүзелбаев 2013 жылдан бері 53 рет қан тапсырған. Сондай-ақ, қан қысымы ауруларына шипа екенін тілге тиек етті. Айтуынша қан тапсыру адам ағзасына пайдалы. Денсаулығыма да зор септігін тигізуде, — дейді ол. Айта кетейік, жылына қан тапсыру орталығына шамамен 250-ге жуық тұрақты донор тіркеледі. Қан тапсыру 18 жастан асқан әрбір азаматқа рұқсат етіледі. Статистика бойынша бір донор 3 адам өмірін құтқарады. Ал, тұрақты қан тапсыратын әрбір азамат 12 адам өмірін арашалап қалуға қауқарлы.