2022 жылы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бюджеттен 24,2 млрд. теңге бөлінген болатын. Соның негізінде 115 нысанның құрылысы жүргізілді. Демек құрылыс саласының көрсеткіші 116,6 пайызға, ал тұрғын үй көрсеткіші 103,3 пайызға өскен. Ал ағымдағы жылға 44,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға 135 нысанның құрылысы жоспарлануда.
Басқарма басшысының мәліметінше, биыл құрылыс жұмыстарының көлемі ауқымды болып отыр. Тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бюджеттен 2,7 млрд.теңге қаржы бөлінді. Ол қаржыға 23 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетін болады. Мұнан өзге, қаламыздың сол жағалауындағы көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы алуға өтінім әзірленуде. Сонымен қатар, бюджет есебінен алғаш рет Сырдария өзенінің сол жағалауында 84 пәтерлі 7 қабатты 6 тұрғын үй құрылысын салу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша бюджеттен 46 жобаны іске асыруға қаржы бөлінді.