ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқарма басшысы лауазымынаҚалиев Ғанижан Піртазаұлы тағайындалды.

ҒанижанҚалиев 1970 жылыҚызылордақаласындадүниегекелген. Алматы халықшаруашылығыинститутын «Экономист» жәнеҚазтұтынуодағыныңҚарағанды экономика университетін «Құқықтану» мамандықтарыбойыншабітірген.Еңбек жолын Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің бақылаушы-ревизоры ретінде бастаған.1992-2003 жылдары Қаржы министрлігіне қарасты комитеттерінде бас бақылаушы-тексеруші, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.2003-2010 жылдары Әділет министрлігінің Қаржы департаменті директорының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі.2010-2016 жылдары Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша инспекциясының басшысы.2016-2019 жылдары Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарған.2019 жылдан осы кезге дейін Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарып келген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *