Гоп-стоппен айналысушылар ұсталды. Кезінде көшелерді торуылдап, көзге көрінгеннің қолындағысын қолды қылғысы кеп тұратындар ендігі жерде дәмханалар мен мейрамханаларға келушілерге қаупі төндіруге көшкен. Дәл осындай бұзақыларға қатысты 24 қаңтар күні полиция пунктіне қоңырау түскен. Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» 35 және 33 жастағы облыс тұрғындары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2 — бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Автор: Шапагат Торгай
Елімізде автобус жүргізушілері жетіспейді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпаратына сүйенсек 3 мыңға жуық кадр қажет. Ал, қазіргі таңда сыр өңірінде 200-ге қоғамдық көлік жүргізушілері бар. «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС 300-ге жуық адам еңбек етсе, оның 200-і жүргізушілер. Серіктестікпен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қаңтарына дейін 88 жүргізуші жұмысқа қабылданған. «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының айтуынша қазіргі таңда жүргізушілер жеткілікті. Бірақ биылғы жылы жаңадан әкелінетін автобустарға жүргізушілер қажет екенінде жасырмады. Қоғамдық көлік тізгіндеу үшін жүргізушілер 25 жасқа толған, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар және үш жыл «D1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар болуы керек.Дегенмен…
Сыр өңіріне жұмыс сапарымен арнайы келген Президент жанындағы әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Қарақат Абденмен облыстық әйелдер істері және отбасы демографилық саясат жөніндегі комиссия мүшелері өңір орталығында орналасқан Қамқорлык үйіне арнайы барды. Арнайы комиссия мүшелері қызмет алушы аналар мен отбасылық қысым көрген қыз-келіншектердің уәжін тыңдады, ұсыныстарына құлақ асты.
Күні кеше Қызылорда облысына 20 вагон көмір жеткізілді. Бүгінде аймақтағы көмір қоймаларында қатты отынға деген тапшылық байқалмайды. Барлығы қалыпты түрде жұмыс атқаруда. Мәселен қаңтар айынан бері қалаға 68 вагон көмір жеткізілген болса, көмір тапшылығының алдын-алу үшін қосымша 10 вагонға тапсырыс берілген. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін аймаққа 286 вагон көмір әкелінген. Облыстың барлық елді-мекендерін қатты отынмен қамтасыз ету үшін 62 вагонға тапсырыс беріліп, жақын күндері аймаққа жеткізілетін болады.
Қызылордада алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін күшейіп, ауа температурасы күндіз -5 градус, ал түнде -10-15 градусқа дейін суытады. Облыста желтоқсан айында өңірде орташа ауа температурасы -6-12 градусты көрсетіп, жауын-шашын мөлшері шамадан аз түсті. Ал қаңтар айында орташа температура -5-8 градусты көрсетуде. Дегенмен, желдің күшеюі әсерінен ауа темпаратурасы біршама төмендеді. Айдың соңына қарай аяз күшейіп, желдің екпіні жоғарылайды. Ал ақпан айының басында күн жылынып, ауа темпаратурасы +5+10 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ ай ортасында өңірде қалың қаржауып, күн райы күрт сууы ықтимал.
Шаһар басшысы Асылбек Шаменов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауына 30-ға жуық тұрғын келіп, қордаланған мәселелерін жеткізді. Тұрғын үй кезегі, жер телімін зандастыру, жұмысқа орналасу, медициналық көмек бойынша өтініштер қаралды. Мәселелерге байланысты сала басшылары заң аясында жауаптар берді. Хаттамаға енгізілген сауалдардың бірқатары жедел шешімін тапса, кейбірі уақыт талабын қажет ететіндігі айтылды.
Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына Шәкірбаев Мақсат Сәмитұлы тағайындалды. Мақсат Шәкірбаев 1981 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Заңтану» магистрі. Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда облысы прокуратурасының прокуроры қызметінен бастаған. 2003-2007 жылдары Қызылорда табиғат прокурорының аға көмекшісі. 2007-2019 жылдары бірқатар орталық атқарушы органдарда түрлі жауапты қызметтерді атқарған. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің бас консультанты және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің департамент директорының орынбасары. 2020 жылдан осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы қызметін атқарып келген.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы тағайындалды. Алмасбек Есмаханов Қызылорда гуманитарлық университетін «Қаржы және несие», Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген. Ол ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Саясаттану» магистрі. Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы ретінде бастаған. 2006-2012 жылдары жергілікті атқарушы органдарда түрлі деңгейде жауапты қызметтерде болған. 2012-2014 жылдары Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі. 2014-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру — инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы. 2015-2018 және 2020-2022 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, әлеуметтік мәселелер саласына жетекшілік жасады. 2018-2020…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Жиында Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының жаңа басшысы таныстырылды. Бұл лауазымды алдағы уақытта Мира Қазбекова атқаратын болады. Ол 1984 жылы туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Экономика» және «Болашақ» университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының баспасөз клубының маманы ретінде бастаған. 2006-2011 жылдары Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы әкімі аппараттарында түрлі деңгейде жауапты қызметтерде болған. 2011-2017 жылдары Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары қызметін…
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы болып Шаханова Салтанат Қасымқызы тағайындалды. Салтанат Шаханова Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Филология» факультетін бітірген.Еңбек жолын 2010 жылы «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясында редактор ретінде бастаған. 2012-2013 жылдары республикалық «КТК» телеарнасы бағдарламалар бөлімінің редактор-үйлестірушісі, 2013-2015 жылдары Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының редакторы болған. 2015-2018 жылдары Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің инспекторы, 2018-2020 жылдары Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған. 2020 жылдың наурызынан бастап, 2021 жылдың сәуіріне дейін Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы, 2021жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының бас маманы қызметтерін атқарып келді.