Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 54 жастағы тұрғынның үйін тексеру барысында 2-дана полиэтилен пакетке салынған ерекше иісі бар шөп тәпріздес және тіркелмеген қару анықталды.
Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат жалпы салмағы 1 кг 367 гр. «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) Сонымен қатар, заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.