Жалған квитанциямен ірі көлемде зат салып алған тұрғын полиция қолына түсті. Алаяқ облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде 7 млн 500 мың теңгеге шығын келтірген. Қызылорда қаласы полиция басқармасына ірі сауда үйінің иесі қаңтар айының 14 күні арызданған. Өткен жылдың 22 қарашасы күні белгісіз азаматша WhatsApp желісі арқылы онлайн түрде ең алғаш 514 мың теңгеге әйелдер сырт киімдеріне тапсырыс беріп, такси арқылы зат алған. Ұсталған күдікті 34 жастағы азаматша өз кінәсін толық мойындады. Телеграм арқылы жүктеп алған «Фейковые чеки» қосымшасын қолданып, жалған түбіртек арқылы жәбірленушіге 7 миллион 500 мың теңге сомасында залал келтірген.Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі 4 – тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.