Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толды. Осыған орай тағзым алаңында интернационалдық борышын адал орындап, елге оралмаған батыр боздақтар мен бейбіт күнде о дүниелік болған ауған соғысының ардагерлерін еске алуға арналған шара өтті. Өмір мен өлім белдескен зұлмат кезең 10 жылға созылды. Бейбіт күн үшін кеудесін оққа тоcуға қазақ жерінен 22 мыңнан астам жауынгер аттанған. Соның 800-ден астамы сыр өңірінің жігіттері. Жыл өткен сайын олардың саны да азаюда. Игі шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов интернационалдық борыштарын адал орындап, бабалар даңқына кір түсірмей ерлікпен қаза болған батыр азаматтардың қаһармандылығы бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін айтты.
Автор: Шапагат Торгай
Қызылордалық полицейлердің қырағылығының арқасында 2018 жылдан бері осы кезге дейін Халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды. Облыстық полиция департаменті Криминалды полиция басқармасынң қызметкерлерімен жедел іздестіру іс шаралары барысында 31 жастағы Өзбекстан елінің тұрғыны полиция қолына түсті. Шетел азаматы ұрлық жасап Заң алдында жауаптылықтан 2018 жылдан бері бой тасалап жүрген екен. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер күдіктіні Астана қаласы аумағында ұстаған. Қазіргі уақытта ол қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.
Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғам дертіне айналды. Спирттік ішімдік ішіп, отбасында жанжал шығаратындарды тәртіпке келтіру және оқыс жағдайларды болдырмау полицейлердің басты міндеті. Осы ретте бұл күндері облыс аумағында «Профилактика апталығы» өткізілуде. Шара барысында тәртіп сақшылар есепте тұрған азаматтардың үйлеріне барып, жағдайларын біліп қайтты. Сала мамандары қолайсыз отбасылар мен жанжал шығаруға әуестігі барлардың үйлеріне соғып, хал жағдайларын біліп, қоғамға зиян тигізбеуге шақырды. Себебі бүгінгі таңда түрлі психотропты заттар мен алкогольдік сусыннан дәм татып жүретіндер саны артып кеткен. Айта кету керек, аталмыш апталық басталғалы отбасы тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған 8 азаматқа және қоғамдық орында мас күйінде жүрген 21 тұлғаға тиісті шара көрілді.
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқанында қызылордалықтар белсенділік танытуда. 23 қаңтардан басталға шарада 1474 адам тиісті құжаттарын алды. Құжаттары толық азаматтар мемлекеттік нөмірлік белгілерін алып, өз көліктерін сәтті заңдастыруда. Естеріңізге сала кетейік, заңдастыруға өтінімді е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады. Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек, қылмыстық есепте болмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс. Егер автокөлік заңдастыруға жататын болса, онда алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік алымды, мемлекеттік нөмірге төлем мен техпаспорт…
6 ақпан Қызылорда қаласы полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. «Болашағыңды болжап беремін» деген балгер жәбірленушіден алтын браслетін алдап алған. Сонымен бірге 200 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Полицейлер тұрғынның сеніміне кіріп, алдаған күдіктіні ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 54 жастағы қала тұрғыны құрықталды. Анықталғандай, күдікті алаяқтықпен алған алтын бұйымын ломбардқа өткізіп жіберіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Сырдария өзенінде су деңгейі бірқалыпты жағдайда. Сала мамандары облыс аумағында Сырдария өзенінің бойында орналасқан стратегиялық маңызы бар Қызылорда су торабы, Айтек су торабы, Қазалы су торабы және Ақлақ су тораптарын пайдалану ережесіне сәйкес қауіпсіздігін сақтап және бірқалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етуде.
Тайланд астанасы Бангкок қаласында бокстан өткен Азия біріншілігінде ел әнұранын асқақтатқан сырбойылық қос спортшы жеңіспен оралды. Былғары қолғап шеберлері өткен айда құрлықтық жарыста елге олжалы оралып, аймақ мерейін үстем еткен еді. Естеріңізге салсақ, бәсі жоғары бәсекеде қыздар арасында бақ сынаған Гүлсая Ержан 80 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақса, ерлер арасындағы жарыста Нұрсұлтан Алтынбек қарсылас шақ келтірмеді. Сыр саңлақтарының толағай табысы назардан тыс қалмады. Облыстық бокс федерациясы басшылығы қос Азия жеңімпазына 1 000 000 қаржылай сыйақы табыстаса, спортшыларды дайындаған бапкерлерге 500 мың теңге көлемінде сыйақы үлестірілді.
Қызылорда облысында мал ұрлығы тыйылмай тұр. Кезекті дерек жуырда Сырдария ауданы шаған ауылында тіркелді. Бұл жолы ұрлыққа барған азаматтар жәбірленушінің мал қорасына кіріп, ондағы екі қойды ұрлаған. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары мен жедел-тергеу тобы жіберіліп, күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде сол ауылдың 25, 26 жастағы екі тұрғыны ұсталып, ұрланған малды сойып үлгергендігі анықталды. Айғақты заттар тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-1 бабы 3-тармағымен (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қала аумағындағы университеттердің біріне магистратураға оқуға түсіріп беремін деп уәде еткен 21 жастағы азаматшаға 8 қызылордалық полицияға арызданды. Екі жарым миллион теңгеден қағылған жәбірленушілер уәденің жалған екеніне көздері жеткен соң полицияға шағымданып, нәтижесінде алаяқтың құйтырқы әрекетіне тосқауыл қойды. Жәбірленушілерден белгісіз азаматша қаңтар айында қала аумағында университеттердің біріне «Магистратураға» оқуға түсіріп беремін деп сенімге кіріп, алдап – арбау жолымен, 8 жәберленушіден жалпы 2 миллион 589 мың көлемінде ақша алған. Басқарма қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғындарын сан соқтырған 21 жастағы күдікті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3 – бөлігі 4 – тармағымен…
Жылыту маусымы аяқталғанша жеке секторлардағы тұрғын үйлерге қажетті қатты отынның қоры мол болуы қажет. Мамандардың мәліметінше қазіргі күні облыс аумағына келетін көмірдің көлемі жеткілікті мөлшерде. Мысалы, көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкер «KHAS COM» арқылы қалаға 2139 тоннаны құрайтын 31 вагон көмір жеткізілді. Осылайша, қыс маусымы басталғалы бері тұтынушылар 65 мың 803 тонна көмірмен қамтамасыз етілді. Осы жұмыстардың жалғасы ретінде ақпан айында қосымша 7866 тоннаны құрайтын 114 вагон көмір әкелу жоспарға енгізілген. Жалпы, көмір тапшылығын болдырмау мақсатында қала әкімдігі тарапынан тұрақты түрде қадағалау жұмыстары жүргізілуде.