СЮЖЕТТЕР
Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде өткен тағылымды шара бейнепрологпен басталды. Бейнематериалда ауданның білім беру саласында қол жеткізген жетістіктері мен үздік білім ұжымдарының жұмысы, соңғы жылдардағы озат көрсеткіштері де көрсетіліп, ұстаздар қауымының еңбегі бағаланды.Шара барысында облыс және аудан әкімінің атынан үздік ұстаздарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар, сый-сияпаттар табысталды.
Мерекеде ұстаздарға деген ерекше құрметтің белгісі ретінде Айгүл Шілдебаева, Мархаббат Мұстафаева және Дәулет Шаханға «Біркөлік» сауықтыру кешеніне жолдамалар табысталды. Сонымен қатар, үздік білім беру ұйымдары түрлі номинациялар бойынша марапатталып, 1 миллион теңгелік сертификаттарға ие болды.
Бүгінгі таңда Жалағаш ауданында 1300-ге жуық ұстаз балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Олардың ішінде 1 Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері, 4 Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, 3 Ы.Алтынсарин медалінің иегері бар.
Біз туралы
Qogam Media – жоғары сапалы ақпараттық-танымдық, экономикалық-әлеуметтік, қоғамдық және мәдени-спорттық сауықтыру бағдарламаларын дайындау арқылы аймақтың экономикалық және әлеуметтік ахуалын жақсартуға үлес қосатын телеарна.
Кәсіби мамандардан тұратын ұжым 18 сағат Қызылорда қаласы мен облыстың барлық ауданына хабар таратады.
Digital Qogam
Арнаның әлеуметтік желілердегі парақшаларында тек негізгі хабарлар ғана емес, өңірдің күнделікті тұрмыс-тіршілігі туралы арнайы хабарлар да жарияланады. Оның ішінде «Халық сөйлесін», «Сіз білесіз бе?», «Жаңалықтардан көресіз», «Кешкі Қызылорда» жобалары бар. Арнайы таңдалған жүргізушілер тек ресми хабар емес, онлайн форматта соңғы жаңалықтар мен өңірдегі өзгерістер туралы ой-пікір бөліседі.
Кәсіби стандарттар
Біздің телеарна журналистер, менеджерлер мен режиссерлер үшін даму алаңына айналды. Мұнда жұмыс істегендер кәсіби білігін шыңдауға мүмкіндік алып, қазіргі таңда ақпарат саласында зор жетістікке қол жеткізді. Бүгінде елімізде және әлемнің түкпір-түкпірінде қызмет атқарып келе жатқан әріптестерімізбен мақтанамыз.
Марапаттар мен сертификаттар
Qogaм TV — шығармашылық алаң. Біздің телеарна ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінде құрылып, осы кезге дейін қоғамдық медиа ретінде жұмысын жалғастырып келе жатқан бірегей ақпарат құралы. Осы жылдар ішінде Qogam TV телеарнасы 20-дан астам республикалық және халықаралық марапатқа ие болды.
Біздің команда
Біздің ұжым журналистика саласындағы білікті мамандар мен теледидар өнімдерін өндіру процесіне жаңа көзқараспен қарайтын креатив жастардан жасақталған. Шығармашылық форматтарды бірге жасап, контент дайындауда ең жақсы шешім іздеуге күш саламыз. Жасампаздыққа адал болып қаламыз және инновацияны күнделікті жұмыс процесіне көтеруге ниеттіміз.

