«Aleks» мектебінің 25 жылы! Аймаққа белгілі би мектебінің айтулы датасы Нартай Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында аталып өтті.
Автор: Шапагат Торгай
Бүгін Қызылордада бәйгеден ҚР чемпионатының оңтүстік аймақтық ІІ іріктеу турнирі ұйымдастырылды. Жарыстың салтанатты ашылуына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, ҚР «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев арнайы қатысты.
Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында белгілі қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың 125 жылдығына орай «Жыр арқауы — Жүргенов» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтті. Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен ақындар қатысып, жалынды өлеңдерін көрерменге тарту етті.
Өңірімізде ерекше жандардан құралған «Арман» инклюзивті театры алғашқы қойылымының тұсауын кесті. А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен «Қолымнан ұста» қойылымы келген халықтың да көңілінен шықты. Былтыр ғана бой көтерген инклюзивті «Арман» театры жарыққа шығарған «Қолымнан ұста» пьесасы мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы алар орны ерекше екенін жеткізді. Алдағы уақытта да «Арман» театрының ұжымы осындай халықтың жүрегіне жақын қойылымдарды сомдап, киелі сахна төрінде елдің құрметіне бөлене береді деген сенімдеміз.
Бүгінде ересек жастағы көптеген ер адамдар простата аденомасы сияқты жағымсыз ауруға ұшырайды. Өңірімізде алғаш рет осы мәселемен 10 жыл бойы күрескен 72 жастағы қала тұрғынына ота жасады. Отаға Президенттік клиниканың уролог дәрігері Бақтияр Қасымов қатысты. Статистикаға сәйкес, 50 жастан асқан ерлердің 50% -ы простата аденомасы ауруымен бетпе-бет келеді. Простата безі зәр шығарудың қалыпты шығуына кедергі келтіреді — бұл құбылыс тек жағымсыз ғана емес, сонымен бірге өте қауіпті, себебі бұл бүкіл айналым жүйесінің жұмысына кері әсерін тигізеді. Мұндай жағдайларда басқа симптомдармен қатар, ауырсыну байқалып, зәр шығару бұзылады. Бұл әлсіздік пен безгек ауруына әкеледі. Қазіргі таңда аталған ауруға ота тек Алматы, Астана қаласында жасалады, — дейді…
Сырдария өзенінен көп мөлшерде су өтуіне байланысты, келген су өзен арнасынан асып Қармақшы ауданы, Қызылтам елдімекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолына су жайылған. Осы орайда жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар “Жалағаш-Жосалы” бағытындағы (Жосалыдан 43 км, Жалағаштан бері 31 км, Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды. Аталған жол республикалық маңызы бар үлкен трасса емес, екі елді мекенді байланыстыратын жол екенін еске саламыз. Қызылтам елді мекеніне Қармақшы және Далдабай елді мекеніне Жалағаш ауданы жағынан баратын ішкі жол бар. Сол себептен оның үлкен жол қатынасына кедергі келтірмейтіндігін хабарлаймыз. Айта кету керек, дария бетіндегі сең қазіргі таңда Қармақшы ауданы тұсына жетті.
Күн жылынып, көктем келсе Сырдария өзені тасып, су алу қауіпі басым. Республикалық «Көктем -2023» оқу-жатттығу жиыны барысында Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов Сырдария өзенінде болуы мүмкін су тасқынының алдын алу мақсатында 14 қызметтен құрылған тиісті органдардың техникалары мен күш-құралдарының дайындығын тексеріп, саптық қарау жүргізді.
Қазақ халқының ескі мұрасының бірі – тоғызқұмалақ ойыны. Сыр өңірінің төрінде орналасқан Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде белгілі қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтті. Бұл турнир 15 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биылғы жарысқа 300-ге жуық қатысушылар келіп, бақ сынасты. Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы» деп аталды. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан» мен «отаудың» жерін ойып, дорбаларындағы қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз, тоғыздан бөліп салып, ойнайтын болған.
Қызылорда облысында алғаш рет Африкалық түйеқұс фабрикасы ашылды. Қазіргі таңда түйеқұстың 30-ға жуығы әкелінсе, олардың санын 100-ге жеткізу жоспарлануда. Мамандардың айтуынша, бұл түйеқұстың түрі біздің аймағымызға тез бейімделуде. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жететін құс сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Айта кетері, 1 түйеқұс жылына 50-60 жұмыртқа береді екен. Сырдария ауданы Бесарық ауылында арнайы салынып жатқан қоражайда 100 Африкалық түйеқұс күтімге алынып, инкубатор арқылы 2 есеге дейін көбейтілмек. 80 келіге дейін ет беретін африкалық түйеқұстың әр дана жұмыртқасы 3-5 мың теңге аралығында саудаланады. Аталған жоба ойдағыдай жүзеге асса, қосымша 10 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі таңда…
Жымысқы әрекеті әшкере болған қала тұрғыны айласын асыра алмай тәртіп сақшыларына тұтылды. Оқиға 13 ақпан күні Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға келген сәлем-сауқаттарды қабылдау барысында анықталған. Мекеме қызметкерлері қырағылық танытып «ерекше» сәлемдемені тауып алды. Әкелінген сәлем-сауқаттың ішіндегі «Фито», «Зерде» емдік шай қалташаларының құрамы алмастырылып, 35 қалташадағы емдік шайдың орнына ұнтақ тәріздес әрі ерекше иісі бар зат салынған болып шықты. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен 47 грамм кептірілген марихуана екені анықталды.