Автор: Шапагат Торгай

Жаза басып, жаңылғандар қоғамнан шет қалмауы тиіс. Олар да осы елдің азаматтары. Темір тордың арғы жағында отырса да, жарқын сәттердің куәгері болуға құқылы. Дәл осы тұста қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №37 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеушілеріне арналған мерекелік кеш өтті. Жазасын өтеушілердің тәрбие жұмысын жандандыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Шиелі ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай аудан өнерпаздары №37 мекемеде «Маржаны Сырдың-Шиелім» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Аталған іс-шараға мекемедегі барлық жазасын өтеушілер қатыстырылды. Жанарларын төрт қабырғадан бір сәт арылтып, ерекше әсер алған жазасын өтеушілердің көздерінде бір үміт оты жанғандай болды.

Read More

Күні кеше медиа тренер, коуч,Түркітілдес журналистер қорының жетекшісі Назия Жоямергенқызы өңірімізге іс-сапармен келіп, аймақтың бірқатар БАҚ өкілдерімен кездесті. Журналистика – қоғам мен билік арасындағы алын көпір. Ел мүддесі үшін жүзеге асып жатқан жобаларды жалпы жұртқа жария етіп, халықтың көкейіндегі көп мәселені атқамінерлерге жеткізетін де осы саланың майталмандары. Арбаны сындырмай, өгіз өлтірмей жүрседе көп журналист көп жағдайда мән беріліп жатпайтыны тағы бар дейді қор жетекшісі. Ел мен елді елдестіретін елшідей болған бүгінгі журналистер көп адамға мұңын мысал етіп, ауыр күндерімен арыздана бермейді. Сол себептенде көңіл көзілдірігіне ілінбей қалып жатады. Кей сәттерде жылына бір берілер демалыс орындарына арналған жолдама да үлеспейді.

Read More

Ертеден қазағымыз төртаяқты итті жетіқазынаның біріне жатқызған. Адам қолға үйреткен ең алғашқы үй жануарында адалдық, сезімталдық жән етөзімділік сынды қасиеттер бар. Осыған байланысты өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеп, оларды шекарашылардың күнделікті қызметтері ментаныстыру мақсатында «жаскинологтар» үйірмесі ашылды. «Жаскинологтар» үйірмесін насихаттау мақсатында Шекара қызметкерлері қалалық Көмекбай Қаракөзоватындағы №235 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өкізді. Кездесу барысында шекарашылар мектеп ауласында қызметті киттердің қабілеттерін оқушыларға практикалық түрде көрсетті.

Read More

Аймақта шағын және орта кәсіпке басымдық беріліп, қолдау күшейтіліп келеді. Мәселен, өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлердің саны 71823 бірлікке жеткен. . 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен 116 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Осы кезеңде 459 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Сондай-ақ өткен жылы 3443 кәсіпкерлік бастама гранттармен қаржыландырылып, 2436 жоба банктер мен қаржы институттары арқылы несиелендірілген.Айта кетейік, индустрияландыру бағдарламасы аясында биылғы жылы құны 1 млрд.теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылады. Қазіргі таңда, өңірімізде құны 613 млрд.теңгені құрайтын 6,8 мың жұмыс орнын құруға бағытталған 37 жоба жүзеге асырылуда.

Read More

Өркениетті дамыған елдің білімі бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Маңызды әрі ауқымды саланың бірі тап осы білім саласы. Өткен жылдың қорытындысын айқындаған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары ағымдағы жылы білім саласына 257 млрд.тг қаралып өткен жылмен салыстырғанда 24,6 пайызға артқанын жеткізді. Айтар болсақ атқарылған жұмыс қыруар. 6 жаңа мектеп, 19 балабақша мен 1 оқушылар үйі пайдалануға берілді. Мұнымен қоса 6 білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, облыстық бюджеттен 2,1 млрд.тг қаралған. Енді биылғы жылдың еншісінде су жаңа 5 мектеп өз жұмысын бастамақ. Айта кетейік өткен жылы білім саласына бөлінген қаржы, облыс бюджетінің 50 пайызын құраған болатын. Мұнымен қоса Ұстаз мәртебесі де…

Read More

Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ руханятының дамуына зор үлес қосқан бірегей тұлға, Сыр елінің тумасы Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Ұлтын ардақтаған ұлтжанды тұлға» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.   Темірбек Жүргенов – ұлттың болашағын ойлап, тіліміз бен діліміздің, салт-дәстүріміздің, мәдени құндылықтарымыздың ұлықталуына айрықша іңкәрлікпен атсалысқан Алаш ардақтысы. Оның есімі қазақ халқына ғана емес, Орта Азия халықтарына да етене таныс, қызметі де ортақ. Сол себепті де 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып бекітілді. Кітап көрмесіне «Өнегелі өмір», «Асыл өнердің қамқоршысы», «Қайраткердің қалам қажыры», «Тұлға жайлы іргелі ізденістер» секілді том-томдық кітаптары мен өмір-баяны, қызметі,…

Read More

Биыл өңірде 29 елді мекенді, ал қала бойынша 2 учаскені су басу қаупі бар. Осыған орай төтеншеліктермен жергілікті билік өкілдері су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтап, техникаларын сақадай сай етуде. Көктем жақындаған сайын су тасқыны қаупі күшейе түседі. Осыны ескерген бірлескен топ дайындықтарын тағы да сүзгіден өткізуде. Қазіргі таңда, шаһарға келіп тұрған судың көлемі секундына 524 текше метрды құрайды. Сырдария өзенінің оң жағалауында 65 шақырым, сол жағалауында 23,5 шақырымды құрайтын қорғаныс бекеті бар. Егерде су тасқыны орын алған жағдайда 22 ірі мердігер мекемемен, 110 арнайы және ауыр техникалар дайын. Сондай-ақ, қала бойынша су басу қаупі бар 2 елді мекен анықталған. Атап…

Read More

Жаңа 2023 жылда Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында алғашқы қойылым сахналанды. Ол қазақ мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, тәуелсіз және біртұтас Түркістанның идеологы Мұстафа Шоқай жайында болды. Бұл жаңа жылдағы театрдың 68-ші маусымы. Мұндағы көрініс Бала Мұстафаның жалындаған жарқын көріністерінен бастау алып, бала болсада алғырлығы өзге тілді жетік меңгергендігі бейнеленді. Өмірінің қиындығы мен қызық қырлары көрсетілді. Сондай тұлғалардың бірі әрі бірегейі, саяси қозғалысқа біржолада тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алған Мұстафа өмірі киелі сахнада сомдалды. Даңқты тұлғаның жалынды шағын бейнелеген Бақытбек Темірбек ұлы тұлғаның қиында қырғынға толы өмірін сомдау, оны көрермендерге жеткізу аса бір оңай…

Read More

Алдағы күндері православие «Крещение» мерекесін атап өтеді. Бұл ретте төтеншеліктер су айдындарда қауіпсіздікке қамкөңілдік танытпаған жөн дейді. Себебі өзен деңгейі өткен жылдармен салыстырғанда едәуір көтерілген. Христиан дінінің өкілдері үшін бұл күннің маңызы ерекше. Себебі олар  су күнәдан арылтып қана қоймай, денсаулыққада өз пайдасын тигізеді деген сенімге ие. Жылдағы дәстүрге сай мерекені атап өтушілерге арнайы орындар дайындалады. Тек сол жерде ғана рәсімдерді жасауға болады. Ал рұқсат етілмеген аймақтарда суға түсумен қатар, жөн жоралғыларды жасауға тыйым салады. Мұның басты себебі адам қауіпсіздігін сақтау. Сондай-ақ, қазіргі таңда дариядағы мұздың қатуы әржерде әртүрлі. Осыған орай, төтеншеліктер де 18-19 қаңтар күндері күшейтілген түрде рейд жұмыстарын…

Read More

Сыр елінің ардақты ұлы, мемлекет және қоғам қайреткері, артына ұмытылмас із қалдырған арда азамат Тәкей Есетеов биыл 100 жасқа толды.Осыған орай №18 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен танымдық шара өтіп, есімі ұлықталды. Тәкей Есетов – қазақ халқының тарихында елеулі орын алатын тұлға еді. Арда азамат 1923 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын сауатсыздарға әріп үйрететін курста мұғалім болып бастаған. Соғысқа дейін халық сотының хатшысы болып істеген. Алматыдағы 6 айлық авиациялық курсты бітіріп, майданға аттанған. Дегенмен, 1943 жылы ауыр жарақат алып, елге оралған. Соғыстан кейін түрлі қызметтерді атқарып, Сыр өңірінің дамуына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының түзелуіне аянбай еңбек еткен. Абыройлы азамат 2004 жылға…

Read More