Біздің жаңалықтар
Qogam TV HD форматқа көшті.
Ширек ғасырға жуық уақыт аралығында телеарнада көптеген өзгеріс пен тың бастама қолға алынды. 2022 жылы Qogam TV «OTAU TV» пакетіне қосылды. 2023 жылы HD форматқа көшті. 2024 жылы Qogam TV Internews Glimmer жобасының институционалдық грантына ие болды. 2025 жылы Qogam Media цифрлық арналары іске қосылды. Бұл жетістіктер алдағы уақытта да жұмысымыздың алға басуына және шабытпен жұмыс істеуге зор септігін тигізеді.
Qogam TV Internews Glimmer жобасының институционалдық грантына ие болды.
2024 жылдың тамыз айынан бастап Qogam TV телеарнасы халықаралық Internews ұйымының арнайы жобасының грантына ие болды. Жоба аясында арнаның стратегиялық даму жоспары бекітілмек, алға қойған мақсаттар негізінде заманауи тенденцияларды ескере отырып, әлеуметтік желідегі парақшалар мен дижитал бағыттағы жобаларды қолға алмақ.
Qogam Media цифрлық арналары іске қосылды.
Ең айшықты жаңалық — 2025 жылдан бастап Qogam Media цифрлық арналарының іске қосылуы. Қазіргі заман талабына сәйкес әлеуметтік кеңістікте еркін қозғалыс жасау үшін өзгелерде жоқ көптеген тың жоба қолға алынды. Бұл арқылы біз қалың бұқараның бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етіп, олардың назарын өзімізге аударамыз. Бір сөзбен айтқанда, қоғамда оң имиджді қалыптастыру бағытында қалтқысыз еңбек етуге дайынбыз.