ҚОЖАБЕКОВТЕР ОТБАСЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ КЕШІН ӨТКІЗДІ

Асқар Тоқмаганбетов атындағы мәдениет үйінде «Қожабековтер» халықтық отбасылық ансамбілінің кезекті жылдық есеп беру концерті өтті. Мерекелік шарада «Қуаныш әжелер» ансамбілі және «Ошаған» театры өнерлерін көрсетті.

«Қожабековтер» халықтық отбасылық ансамбілі 2012 жылы құрылып, 2016 жылы маусымда «халықтық» атақ алған. Халықтық ансамбль қазақ халқының ұлттық әндерін, белгілі компазиторлардың ұмытылып бара жатқан туындыларын қайта жаңғыртып өміршең етуде.   Меркелік кеште өнер көрсеткен «Ошаған» театры да Қожабековтер жанұясына тиесілі. Осылайша өнерлі адамдар отбасы тек әншілікті ғана емес актерлық қырларында дамытуда. Сондай-ақ, отбасының отағасы Рүстем Қожабековтың жары Қуанышгүл Ахметқызы ақжаулықты әжелердің басын қосып ансамбль құрған. Қазіргі күні әжелер ауыл аймақ пен ел-елді аралап өнер көрсетіп жүр. Бағындырған белестері мен алған асуларыда аласа емес.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *