Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Егембергенов Айбек Асылханұлы тағайындалды.
Айбек Егембергенов 1987 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.2007 жылы Мемлекеттік Кентау көпсалалы колледжін есептеу техникалары мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету және 2012 жылыПавлодар мемлекеттік педагогикалық институтын құқық және экономика негіздері мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 2008 жылы Түркістан облысының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің хатшысы ретінде бастаған.2009-2015 жылдары «Яссы» колледжінің информатика пәнінің мұғалімі, «Нұрлы Қалқан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженер программисті. 2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы.2019 жылдан бастап 2023 жылдың 16 қаңтарына дейін — Табиғи монополияларды реттеу комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келді.