Есірткі сату дерегі жиілеп кетті соңғы уақытта. Бұл жолы заңға қайшы әрекетті 52 жастағы облыс тұрғыны жасаған көрінеді.
Облыстық полиция департаменті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шиелі ауданының тұрғыны есірткі затын сатумен айналысып жүргені анықталып полицейлердің қолына түсті.Тексеру барысында тұрғылықты мекен жайынан заңсыз иемденіп, сату мақсатында дайындалған 15 дана сіріңке қораптарына салынған есірткі заты табылды. Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.