ҚАЗАҚСТАН: ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

Елімізде автобус жүргізушілері жетіспейді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпаратына сүйенсек 3 мыңға жуық кадр қажет. Ал, қазіргі таңда сыр өңірінде 200-ге қоғамдық көлік жүргізушілері бар.

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС 300-ге жуық адам еңбек етсе, оның 200-і жүргізушілер. Серіктестікпен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қаңтарына дейін 88 жүргізуші жұмысқа қабылданған. «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының айтуынша қазіргі таңда жүргізушілер жеткілікті. Бірақ биылғы жылы жаңадан әкелінетін автобустарға жүргізушілер қажет екенінде жасырмады. Қоғамдық көлік тізгіндеу үшін жүргізушілер 25 жасқа толған, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар және үш жыл «D1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар болуы керек.Дегенмен облыс көлемінде бұл аталған талаптарға сай және автобус тізгіндегісі келетіндер қатары аз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *