Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Жиында Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының жаңа басшысы таныстырылды.
Бұл лауазымды алдағы уақытта Мира Қазбекова атқаратын болады. Ол 1984 жылы туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Экономика» және «Болашақ» университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының баспасөз клубының маманы ретінде бастаған. 2006-2011 жылдары Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы әкімі аппараттарында түрлі деңгейде жауапты қызметтерде болған. 2011-2017 жылдары Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2017-2019 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы. 2019-2020 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымындарында абыройлы еңбек етті. 2020 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарып келді