Күні кеше Қызылорда облысына 20 вагон көмір жеткізілді.

Бүгінде аймақтағы көмір қоймаларында қатты отынға деген тапшылық байқалмайды. Барлығы қалыпты түрде жұмыс атқаруда. Мәселен қаңтар айынан бері қалаға 68 вагон көмір жеткізілген болса, көмір тапшылығының алдын-алу үшін қосымша 10 вагонға тапсырыс берілген.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін аймаққа 286 вагон көмір әкелінген. Облыстың барлық елді-мекендерін қатты отынмен қамтасыз ету үшін 62 вагонға тапсырыс беріліп, жақын күндері аймаққа жеткізілетін болады.