Шаһар басшысы Асылбек Шаменов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауына 30-ға жуық тұрғын келіп, қордаланған мәселелерін жеткізді. Тұрғын үй кезегі, жер телімін зандастыру, жұмысқа орналасу, медициналық көмек бойынша өтініштер қаралды. Мәселелерге байланысты сала басшылары заң аясында жауаптар берді. Хаттамаға енгізілген сауалдардың бірқатары жедел шешімін тапса, кейбірі уақыт талабын қажет ететіндігі айтылды.