АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ АЯЗ КҮШЕЙЕДІ

Қызылордада алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін күшейіп, ауа температурасы күндіз -5 градус, ал түнде -10-15 градусқа дейін суытады.

Облыста желтоқсан айында өңірде орташа ауа температурасы -6-12 градусты көрсетіп, жауын-шашын мөлшері шамадан аз түсті. Ал қаңтар айында орташа температура -5-8 градусты көрсетуде. Дегенмен, желдің күшеюі әсерінен ауа темпаратурасы біршама төмендеді. Айдың соңына қарай аяз күшейіп, желдің екпіні жоғарылайды. Ал ақпан айының басында күн жылынып, ауа темпаратурасы +5+10 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ ай ортасында өңірде қалың қаржауып, күн райы күрт сууы ықтимал. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *