Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына Шәкірбаев Мақсат Сәмитұлы тағайындалды.
Мақсат Шәкірбаев 1981 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Заңтану» магистрі. Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда облысы прокуратурасының прокуроры қызметінен бастаған. 2003-2007 жылдары Қызылорда табиғат прокурорының аға көмекшісі. 2007-2019 жылдары бірқатар орталық атқарушы органдарда түрлі жауапты қызметтерді атқарған. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің бас консультанты және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің департамент директорының орынбасары. 2020 жылдан осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы қызметін атқарып келген.
