Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы тағайындалды. Алмасбек Есмаханов Қызылорда гуманитарлық университетін «Қаржы және несие», Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Ол ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Саясаттану» магистрі. Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы ретінде бастаған. 2006-2012 жылдары жергілікті атқарушы органдарда түрлі деңгейде жауапты қызметтерде болған. 2012-2014 жылдары Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі. 2014-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру — инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы. 2015-2018 және 2020-2022 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, әлеуметтік мәселелер саласына жетекшілік жасады. 2018-2020 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ішкі саясат бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарған. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.