Гоп-стоппен айналысушылар ұсталды. Кезінде көшелерді торуылдап, көзге көрінгеннің қолындағысын қолды қылғысы кеп тұратындар ендігі жерде дәмханалар мен мейрамханаларға келушілерге қаупі төндіруге көшкен.
Дәл осындай бұзақыларға қатысты 24 қаңтар күні полиция пунктіне қоңырау түскен. Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» 35 және 33 жастағы облыс тұрғындары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2 — бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.