Қала аумағындағы университеттердің біріне магистратураға оқуға түсіріп беремін деп уәде еткен 21 жастағы азаматшаға 8 қызылордалық полицияға арызданды. Екі жарым миллион теңгеден қағылған жәбірленушілер уәденің жалған екеніне көздері жеткен соң полицияға шағымданып, нәтижесінде алаяқтың құйтырқы әрекетіне тосқауыл қойды.
Жәбірленушілерден белгісіз азаматша қаңтар айында қала аумағында университеттердің біріне «Магистратураға» оқуға түсіріп беремін деп сенімге кіріп, алдап – арбау жолымен, 8 жәберленушіден жалпы 2 миллион 589 мың көлемінде ақша алған. Басқарма қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғындарын сан соқтырған 21 жастағы күдікті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3 – бөлігі 4 – тармағымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп — тексеру әрекеттері жүргізілуде.