Қызылорда облысында мал ұрлығы тыйылмай тұр. Кезекті дерек жуырда Сырдария ауданы шаған ауылында тіркелді. Бұл жолы ұрлыққа барған азаматтар жәбірленушінің мал қорасына кіріп, ондағы екі қойды ұрлаған.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары мен жедел-тергеу тобы жіберіліп, күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде сол ауылдың 25, 26 жастағы екі тұрғыны ұсталып, ұрланған малды сойып үлгергендігі анықталды. Айғақты заттар тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-1 бабы 3-тармағымен (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.