1474 ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІК ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқанында қызылордалықтар белсенділік танытуда. 23 қаңтардан басталға шарада 1474 адам тиісті құжаттарын алды.

Құжаттары толық азаматтар мемлекеттік нөмірлік белгілерін алып, өз көліктерін сәтті заңдастыруда. Естеріңізге сала кетейік, заңдастыруға өтінімді е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады. Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек, қылмыстық есепте болмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс. Егер автокөлік заңдастыруға жататын болса, онда алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік алымды, мемлекеттік нөмірге төлем мен техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ төлеу қажет. Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *