АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толды. Осыған орай тағзым алаңында  интернационалдық борышын адал орындап, елге оралмаған батыр боздақтар мен бейбіт күнде о дүниелік болған ауған соғысының ардагерлерін еске алуға арналған шара өтті.

Өмір мен өлім белдескен зұлмат кезең 10 жылға созылды. Бейбіт күн үшін кеудесін оққа тоcуға қазақ жерінен 22 мыңнан астам жауынгер аттанған. Соның 800-ден астамы сыр өңірінің жігіттері. Жыл өткен сайын олардың саны да азаюда. Игі шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов интернационалдық борыштарын адал орындап, бабалар даңқына кір түсірмей ерлікпен қаза болған батыр азаматтардың  қаһармандылығы  бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *