ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚОС СПОРТШЫ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Тайланд астанасы Бангкок қаласында бокстан өткен Азия біріншілігінде ел әнұранын асқақтатқан сырбойылық қос спортшы жеңіспен оралды.

Былғары қолғап шеберлері өткен айда құрлықтық жарыста елге олжалы оралып, аймақ мерейін үстем еткен еді. Естеріңізге салсақ, бәсі жоғары бәсекеде  қыздар арасында бақ сынаған Гүлсая Ержан 80 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақса, ерлер арасындағы  жарыста  Нұрсұлтан Алтынбек қарсылас шақ келтірмеді. Сыр саңлақтарының толағай табысы назардан тыс қалмады. Облыстық бокс федерациясы басшылығы қос Азия жеңімпазына 1 000 000 қаржылай сыйақы табыстаса, спортшыларды дайындаған бапкерлерге  500 мың теңге көлемінде  сыйақы үлестірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *