Қызылордалық полицейлердің қырағылығының арқасында 2018 жылдан бері осы кезге дейін Халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды.
Облыстық полиция департаменті Криминалды полиция басқармасынң қызметкерлерімен жедел іздестіру іс шаралары барысында 31 жастағы Өзбекстан елінің тұрғыны полиция қолына түсті. Шетел азаматы ұрлық жасап Заң алдында жауаптылықтан 2018 жылдан бері бой тасалап жүрген екен. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер күдіктіні Астана қаласы аумағында ұстаған. Қазіргі уақытта ол қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.