АЛАЯҚ БАЛГЕР ҰСТАЛДЫ

6 ақпан Қызылорда қаласы полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. «Болашағыңды болжап беремін» деген балгер жәбірленушіден алтын браслетін алдап алған. Сонымен бірге 200 мың теңгеге жуық шығын келтірген.

Полицейлер тұрғынның сеніміне кіріп, алдаған  күдіктіні  ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 54 жастағы қала тұрғыны құрықталды. Анықталғандай, күдікті алаяқтықпен алған алтын бұйымын ломбардқа өткізіп жіберіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *