ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ

Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғам дертіне айналды. Спирттік ішімдік ішіп, отбасында жанжал шығаратындарды тәртіпке келтіру және оқыс жағдайларды болдырмау полицейлердің  басты міндеті. Осы ретте бұл күндері облыс аумағында «Профилактика апталығы» өткізілуде. Шара барысында тәртіп сақшылар есепте тұрған азаматтардың үйлеріне барып, жағдайларын біліп қайтты.

Сала мамандары қолайсыз отбасылар мен жанжал шығаруға әуестігі барлардың үйлеріне соғып, хал жағдайларын біліп, қоғамға зиян тигізбеуге шақырды. Себебі бүгінгі таңда түрлі психотропты заттар мен алкогольдік сусыннан дәм татып жүретіндер саны артып кеткен. Айта кету керек, аталмыш апталық басталғалы отбасы тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған 8 азаматқа және қоғамдық орында мас күйінде жүрген 21 тұлғаға тиісті шара көрілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *