КӨМІР ҚОРЫ БАҚЫЛАУДА

Жылыту маусымы аяқталғанша жеке секторлардағы тұрғын үйлерге қажетті қатты отынның қоры мол болуы қажет. Мамандардың мәліметінше қазіргі күні облыс аумағына келетін көмірдің көлемі жеткілікті мөлшерде.

Мысалы, көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкер «KHAS COM» арқылы қалаға 2139 тоннаны құрайтын 31 вагон көмір жеткізілді. Осылайша, қыс маусымы басталғалы бері тұтынушылар 65 мың 803 тонна көмірмен қамтамасыз етілді. Осы жұмыстардың жалғасы ретінде ақпан айында қосымша 7866 тоннаны құрайтын 114 вагон көмір әкелу жоспарға енгізілген. Жалпы, көмір тапшылығын болдырмау мақсатында қала әкімдігі тарапынан тұрақты түрде қадағалау жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *