Биыл өңірде 29 елді мекенді, ал қала бойынша 2 учаскені су басу қаупі бар. Осыған орай төтеншеліктермен жергілікті билік өкілдері су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтап, техникаларын сақадай сай етуде.
Көктем жақындаған сайын су тасқыны қаупі күшейе түседі. Осыны ескерген бірлескен топ дайындықтарын тағы да сүзгіден өткізуде. Қазіргі таңда, шаһарға келіп тұрған судың көлемі секундына 524 текше метрды құрайды. Сырдария өзенінің оң жағалауында 65 шақырым, сол жағалауында 23,5 шақырымды құрайтын қорғаныс бекеті бар. Егерде су тасқыны орын алған жағдайда 22 ірі мердігер мекемемен, 110 арнайы және ауыр техникалар дайын. Сондай-ақ, қала бойынша су басу қаупі бар 2 елді мекен анықталған. Атап айтар болсақ, «КОПЭС» саяжайының тұсы мен Рисмаш мөлтек ауданына қарасты учаскелер. Айта кетейік, төтеншеліктер мен жергілікті билік өкілдері су тасқыны кезеңінде бірлесіп әрекет етеді. Осы тұста бір-бірімен пікір алмасуға мүмкіндік алған бірлескен топ оқыс оқиғаларға жол бермеудің қамын қарастырады.