ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ!

Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ руханятының дамуына зор үлес қосқан бірегей тұлға, Сыр елінің тумасы Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Ұлтын ардақтаған ұлтжанды тұлға» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.  

Темірбек Жүргенов – ұлттың болашағын ойлап, тіліміз бен діліміздің, салт-дәстүріміздің, мәдени құндылықтарымыздың ұлықталуына айрықша іңкәрлікпен атсалысқан Алаш ардақтысы. Оның есімі қазақ халқына ғана емес, Орта Азия халықтарына да етене таныс, қызметі де ортақ. Сол себепті де 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып бекітілді. Кітап көрмесіне «Өнегелі өмір», «Асыл өнердің қамқоршысы», «Қайраткердің қалам қажыры», «Тұлға жайлы іргелі ізденістер» секілді том-томдық кітаптары мен өмір-баяны, қызметі, әдеби-публистикалық және ғылыми мұралары, тұлға жайлы әдебиеттер мен тарихи-ғұмырнамалық естеліктер, мерзімді баспасөзде жарияланған мақалалар, фотосуреттер мен дәйексөздер қойылды.

  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *