«КРЕЩЕНИЕ»: МЕРЕКЕ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

Алдағы күндері православие «Крещение» мерекесін атап өтеді. Бұл ретте төтеншеліктер су айдындарда қауіпсіздікке қамкөңілдік танытпаған жөн дейді. Себебі өзен деңгейі өткен жылдармен салыстырғанда едәуір көтерілген.

Христиан дінінің өкілдері үшін бұл күннің маңызы ерекше. Себебі олар  су күнәдан арылтып қана қоймай, денсаулыққада өз пайдасын тигізеді деген сенімге ие. Жылдағы дәстүрге сай мерекені атап өтушілерге арнайы орындар дайындалады. Тек сол жерде ғана рәсімдерді жасауға болады. Ал рұқсат етілмеген аймақтарда суға түсумен қатар, жөн жоралғыларды жасауға тыйым салады. Мұның басты себебі адам қауіпсіздігін сақтау. Сондай-ақ, қазіргі таңда дариядағы мұздың қатуы әржерде әртүрлі. Осыған орай, төтеншеліктер де 18-19 қаңтар күндері күшейтілген түрде рейд жұмыстарын жүргізетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *