ТЕМІР ТОРДЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕ

Жаза басып, жаңылғандар қоғамнан шет қалмауы тиіс. Олар да осы елдің азаматтары. Темір тордың арғы жағында отырса да, жарқын сәттердің куәгері болуға құқылы. Дәл осы тұста қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №37 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеушілеріне арналған мерекелік кеш өтті.

Жазасын өтеушілердің тәрбие жұмысын жандандыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Шиелі ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай аудан өнерпаздары №37 мекемеде «Маржаны Сырдың-Шиелім» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Аталған іс-шараға мекемедегі барлық жазасын өтеушілер қатыстырылды. Жанарларын төрт қабырғадан бір сәт арылтып, ерекше әсер алған жазасын өтеушілердің көздерінде бір үміт оты жанғандай болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *