Өркениетті дамыған елдің білімі бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Маңызды әрі ауқымды саланың бірі тап осы білім саласы. Өткен жылдың қорытындысын айқындаған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары ағымдағы жылы білім саласына 257 млрд.тг қаралып өткен жылмен салыстырғанда 24,6 пайызға артқанын жеткізді.
Айтар болсақ атқарылған жұмыс қыруар. 6 жаңа мектеп, 19 балабақша мен 1 оқушылар үйі пайдалануға берілді. Мұнымен қоса 6 білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, облыстық бюджеттен 2,1 млрд.тг қаралған. Енді биылғы жылдың еншісінде су жаңа 5 мектеп өз жұмысын бастамақ. Айта кетейік өткен жылы білім саласына бөлінген қаржы, облыс бюджетінің 50 пайызын құраған болатын. Мұнымен қоса Ұстаз мәртебесі де арта түсуде. Жыл басында мұғалімдердің жалақысы тағыда 25 пайызға өсті. Өткен жылы өңірімізде 7610 педагог біліктілігін арттыру курсынан өтсе, биылғы жоспарда 8 мыңнан аса ұстаз біліктілігін арттырмақ.