Жаңа 2023 жылда Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында алғашқы қойылым сахналанды. Ол қазақ мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, тәуелсіз және біртұтас Түркістанның идеологы Мұстафа Шоқай жайында болды.
Бұл жаңа жылдағы театрдың 68-ші маусымы. Мұндағы көрініс Бала Мұстафаның жалындаған жарқын көріністерінен бастау алып, бала болсада алғырлығы өзге тілді жетік меңгергендігі бейнеленді. Өмірінің қиындығы мен қызық қырлары көрсетілді. Сондай тұлғалардың бірі әрі бірегейі, саяси қозғалысқа біржолада тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алған Мұстафа өмірі киелі сахнада сомдалды. Даңқты тұлғаның жалынды шағын бейнелеген Бақытбек Темірбек ұлы тұлғаның қиында қырғынға толы өмірін сомдау, оны көрермендерге жеткізу аса бір оңай істердің қатарынан емес екендігін айтады.