Сыр елінің ардақты ұлы, мемлекет және қоғам қайреткері, артына ұмытылмас із қалдырған арда азамат Тәкей Есетеов биыл 100 жасқа толды.Осыған орай №18 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен танымдық шара өтіп, есімі ұлықталды.
Тәкей Есетов – қазақ халқының тарихында елеулі орын алатын тұлға еді. Арда азамат 1923 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын сауатсыздарға әріп үйрететін курста мұғалім болып бастаған. Соғысқа дейін халық сотының хатшысы болып істеген. Алматыдағы 6 айлық авиациялық курсты бітіріп, майданға аттанған. Дегенмен, 1943 жылы ауыр жарақат алып, елге оралған. Соғыстан кейін түрлі қызметтерді атқарып, Сыр өңірінің дамуына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының түзелуіне аянбай еңбек еткен. Абыройлы азамат 2004 жылға дейін көпшіліктің риясыз алғысына бөленіп, бұқара халықтың сенімін арқалаған білікті басшы болған. Бүгінде өз есімі берілген №264 мектеп-лицейде көзі көрген әріптестері, туыстары қатысып, ол жайлы естеліктер айтылып, оқушыларға оның өмір жолы насихатталды.