Сырдария өзенінен көп мөлшерде су өтуіне байланысты, келген су өзен арнасынан асып Қармақшы ауданы, Қызылтам елдімекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолына су жайылған. Осы орайда жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар “Жалағаш-Жосалы” бағытындағы (Жосалыдан 43 км, Жалағаштан бері 31 км, Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды.
Аталған жол республикалық маңызы бар үлкен трасса емес, екі елді мекенді байланыстыратын жол екенін еске саламыз. Қызылтам елді мекеніне Қармақшы және Далдабай елді мекеніне Жалағаш ауданы жағынан баратын ішкі жол бар. Сол себептен оның үлкен жол қатынасына кедергі келтірмейтіндігін хабарлаймыз. Айта кету керек, дария бетіндегі сең қазіргі таңда Қармақшы ауданы тұсына жетті.