«ҚОЛЫМНАН ҰСТА» ПЬЕСАСЫ САХНАЛАНДЫ

Өңірімізде ерекше жандардан құралған «Арман» инклюзивті театры алғашқы қойылымының тұсауын кесті. А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен «Қолымнан ұста» қойылымы келген халықтың да көңілінен шықты. Былтыр ғана бой көтерген  инклюзивті «Арман» театры жарыққа шығарған «Қолымнан ұста»  пьесасы мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы алар орны ерекше екенін жеткізді.

Алдағы уақытта да «Арман» театрының ұжымы осындай халықтың жүрегіне жақын қойылымдарды сомдап, киелі сахна төрінде елдің құрметіне бөлене береді деген сенімдеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *