Бүгінде ересек жастағы көптеген ер адамдар простата аденомасы сияқты жағымсыз ауруға ұшырайды. Өңірімізде алғаш рет осы мәселемен 10 жыл бойы күрескен 72 жастағы қала тұрғынына ота жасады. Отаға Президенттік клиниканың уролог дәрігері Бақтияр Қасымов қатысты.
Статистикаға сәйкес, 50 жастан асқан ерлердің 50% -ы простата аденомасы ауруымен бетпе-бет келеді. Простата безі зәр шығарудың қалыпты шығуына кедергі келтіреді — бұл құбылыс тек жағымсыз ғана емес, сонымен бірге өте қауіпті, себебі бұл бүкіл айналым жүйесінің жұмысына кері әсерін тигізеді. Мұндай жағдайларда басқа симптомдармен қатар, ауырсыну байқалып, зәр шығару бұзылады. Бұл әлсіздік пен безгек ауруына әкеледі. Қазіргі таңда аталған ауруға ота тек Алматы, Астана қаласында жасалады, — дейді уролог дәрігерлір. Дегенмен, аймағымыздағы облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет жасалған ота 1,5 сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Айта кетейік, өңірімізде простата аденомасы диагнозымен 300-ге жуық адам тіркеуде тұр.