Жерлестерімен жаттығу өткізді

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков өзі оқыған №5 мектепке барды. Онда Сыр толағайы оқушылармен кездесіп, олармен бірге алғаш рет жаттығу өткізді. Александр Зайчиков №5 мектептің түлегі. Сондықтан оған алтын ұя мектебі әрқашан ыстық. Өйткені мұнда оның балалық шағы өткен. Зор жетістікке жетсе де ол бүгінде бал дәуренінің куәсін естен шығарған емес. Александр Зайчиков білім ұясына барып, денетәрбиесі сабағында оқушылармен бірге жаттығу өткізуі сөзіміздің айғағы болса керек. Спорт — денсаулық кепілі. Александр спорт әлеміне деген алғашқы қадамын дәл осы жерде бастаған. Сондықтан ол өзінен кейінгі жас буынның да спортпен шұғылданғанын қалайды. Өзі секілді биік белестерді бағындыруын тілейді. Жаттығудан соң оқушылар Рио олипиадасының қола жүлдегері Зайчиковты қаумалап қоршап алды. Толағайдың өзін топтан шығармай, көкейлеріндегі сауалдарын қойысты. Кездесу соңында әлем чемпонымен іні-қарындастары естелік суретке түсіп, естен кетпес әсерге бөленді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>