Автор: Садыков Даулет

Жәбірленуші мен айыпталушы азамат бір-бірлеріне алыс емес, құда бала-құдаша. Бұрымды бойжеткенге көзі түскен азамат Жазираны 2022 жылдан бастап, көз астына алған көрінеді. Содан бері қыр соңынан қалмай, өз сезімін білдірген. Алайда қыз тараптан ешқандай жауап болмасада, Жазираның үй жағына, жұмысына, тіпті көше бойында ізін аңдып, қызға қорқыныш ұялатқан. Амалы таусылған Жазира Қуанышбай 2025 жылдың тамызында полицияға арыз түсірген. Сот отырысында ағынан жарылған Жазира Қуанышбай, басын арашалап беруді сұрады.
35 жастағы апталдай азамат ғашықтықтан тіпті Құда түсіп барған. Алайда қыздың отбасы келісімдерін бермеген.Жазираның рұқсатыңсыз суреттерін әлеуметтік желілерге жүктеген.Тіпті сот қаулы шығарғанымен, заңға немқұрайлы азамат, ақыр соңында сот залынан бір-ақ шықты. Сот алдында істеген іс-әрекетіне өкінетінің, ғашықтықтан барғанын, енді қайталамайтының айтқанымен сот оны кінәлі деп танып, сот залынан дереуге қамауға алу туралы үкім шығарды.

Read More

Наурызбай Сейтқалиұлы 1991 жылы аталған университеттің «Тарих және француз тілі» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастап, 1994 жылы оқу орнына оқытушы ретінде оралған. 2008–2013 жылдары тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарып, жалпы 20 жылға жуық университетте еңбек етті. Тарих ғылымдарының кандидаты, 150-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы.2013 жылдан бастап мемлекеттік қызметте облыстық білім басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, кейін Amanat партиясының облыстық филиалының төрағасы болды.2024 жылғы сәуірден 2026 жылғы 11 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі ретінде заң шығару қызметіне белсенді қатысты.Жиында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми кеңес мүшелері сөз сөйлеп, жаңа ректорға сәттілік тіледі.

Read More

Бүгінде Арал ауданы халқының 72 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта Арал қаласының бергі бөлігі мен Сыр беткейінде орналасқан 15 мыңнан астам тұрғыны бар 18 елді мекенді кезең-кезеңімен табиғи газға қосу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев мәлімдеді.

Read More

Қызылордалық «Қайсар» трансферлік нарықты дүр сілкіндіріп, әлемге танымал футболшы Виктор Мозеспен келісімшартқа отырды. «Челси», «Ливерпуль» және «Интер» секілді алпауыт клубтарда доп тепкен нигериялық жұлдыз енді Сыр елінің намысын қорғайды.

Read More

«Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының демеушілігімен заманауи инклюзивті дене шынықтыру-сауықтыру кешені ресми түрде ашылды. Құны 2 млрд 900 млн теңгені құрайтын нысан Қызылорда қаласының сол жақ жағалуында орналасқан.

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев,  Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейдің жұмысымен және материалдық базасымен танысты.

Read More