18 наурыз — Ұлттық киім күніне арналған « Ұлттық нақыш — болмысымыздың айнасы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Аталмыш шара шаһарымыздың…
БІздің жаңалықтар
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде креативті индустрияны дамыту, мәдениет саласын цифрландыру мәселелері қаралды. Үкімет отырысынан…
1 наурыз бен 30 маусым аралығында 18-27 жастағы 900-ге жуық қызылордалық азамат еліміздің Қарулы күштері мен әскери құрылымдарында қызметтерін өтейді. Сонымен қатар, 15-ке жуық сарбаз Мемлекеттік күзет қызметіне, ал 20-ға жуық азамат Төтенше жағдайлар министрлігіне жолданады. Айта кету керек, сарбаздардың мерзімді қызмет кезінде несие мерзімін 1 жылға тоқтатуға және білім беру секторында жеңілдіктер қарастырылған.
Қазақтың оюлы камзолы мен сәукелесі, шапаны мен тақиясы — халқымыздың бай мұрасы мен ұлттық мақтанышы. Бұл игі бастаманы еліміздің түкпір-түкпірінде қолдап жатқан жұртшылық аз емес.
Солардың бірі — Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымы.
Жарты ғасыр мен 60 жылдан астам шаңырақтың шаттығын сақтап, ортақ ұрпақ өсіріп, бірге тәрбиелеп келе жатқан «Гаухар той» иелерімен «Алтын той» иелерін жиналған қауым салтанатты түрде күтіп алды. Мерей той иелеріне ақжарма тілектер айтылып, неке куәліктері жаңартылып,қайта ұсынылды. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің «Алғыс хаты» табыс етілді. Білім саласында талай жыл еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбаған ардақты ұстаздар қандай құрметкеде лайық. Салтанатты шарада жазтаңдай әншілер есті әндерді шырқаса, күміс көмей дәстүрлі әншілер ескі әндерді жаңғыртты.
«Жасыл Қызылорда» мекемесінің қызметкерлері қыс бойы жылыжайларда өсірілген гүлдерді қала көшелеріне отырғызуға кірісті. Қыста арнайы күтім жасалып, барлық жағдай жасалған гүлдер бүгінде ашық топыраққа отырғызылуда.Қазіргі таңда гүлдер теміржол вокзалы, Назарбаев даңғылы, Жалаңтөс Баһадүр көшесі және Сыр Ана алаңында егілуде. Мамандардың айтуынша, дұрыс дайындықтың нәтижесінде өсімдіктер топыраққа тез бейімделіп, күзге дейін қаланы көркейтіп тұрады. Жақын күндері Қызылорда көшелері көктемнің сан алуан жарқын түстеріне бөленетін болады.
Қармақшы ауданында дүниеге келген Күләш Алматшаева алғашқы еңбек жолын осы мектептен бастап, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Өткен ғасырдың сексенінші жылдардың соңынан бері жұмыс істеп келе жатқан мұражайдың мектеп ішінен ашылуына мектеп сол кездегі мектеп директоры Рахат Құлтановтың еңбегі ерен. Күләш Алматшаеваның айтуынша сол уақытқа мектеп директоры алғашқы жәдігер ретінде мектептің кілті мен алғашқы қоңырауды табыстаған.
: Аралау барысында депутаттар №1 емхана, Қалалық орталық емхана және Қызылорда жоғары медициналық колледжіне барды. №1 емхана 32 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Дегенмен, ғимараттың тозуы мен жаңа емхана салу қажеттілігі өзекті мәселе болып отыр. Қалалық орталық емхана бірнеше ауданды қамтып келеді. Мұнда дәрігерлердің жетіспеушілігі, заманауи жабдықтардың қажеттілігі және күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігі көтерілді. Қызылорда жоғары медициналық колледжінде студенттердің білім алу процесі көрсетілді. Колледжде интерактивті анатомиялық үстел, VR-жаттығу құралдары және 3D тренажерлар қолданылады. Сондай-ақ, шетелдік медициналық ұйымдармен ынтымақтастық орнатылған.
Шара барысында Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінің өнерпаз қариялары мен ақ самайлы аналары концерттік бағдарлама ұсынды. Қариялар үшін халық әні мен күйлері шырқалды. Мерекелік шараның тағы бір ерекшелігі-ұлттық спорттық ойындар. Ардагерлер арқан тартысып, гір көтеріп, ләңгі теуіп жарысты. Ұйымдастырушылар бұл дәстүрлі шараны жыл сайын өткізуге ниетті. Ал қариялар мұндай кездесулер олардың өміріне қуаныш сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік беретінін айтты.
Өткен жылы әскери борышын өтеу үшін 320 сарбаз келген болатын. Олардың басым көпшілігі Оңтүстік өңірінен. Бүгінде бұл сарбаздар қала тыныштығын және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін 2 ауысымдық күзету қызметіне кіріседі. Яғни жас сарбаздар кешкі сағат 19:00 ден бастап,түңгі 01:00 ге дейін қаланы күзетеді.