Қазақша

Жәбірленуші мен айыпталушы азамат бір-бірлеріне алыс емес, құда бала-құдаша. Бұрымды бойжеткенге көзі түскен азамат Жазираны 2022 жылдан бастап, көз астына алған көрінеді. Содан бері қыр соңынан қалмай, өз сезімін білдірген. Алайда қыз тараптан ешқандай жауап болмасада, Жазираның үй жағына, жұмысына, тіпті көше бойында ізін аңдып, қызға қорқыныш ұялатқан. Амалы таусылған Жазира Қуанышбай 2025 жылдың тамызында полицияға арыз түсірген. Сот отырысында ағынан жарылған Жазира Қуанышбай, басын арашалап беруді сұрады.
35 жастағы апталдай азамат ғашықтықтан тіпті Құда түсіп барған. Алайда қыздың отбасы келісімдерін бермеген.Жазираның рұқсатыңсыз суреттерін әлеуметтік желілерге жүктеген.Тіпті сот қаулы шығарғанымен, заңға немқұрайлы азамат, ақыр соңында сот залынан бір-ақ шықты. Сот алдында істеген іс-әрекетіне өкінетінің, ғашықтықтан барғанын, енді қайталамайтының айтқанымен сот оны кінәлі деп танып, сот залынан дереуге қамауға алу туралы үкім шығарды.

Наурызбай Сейтқалиұлы 1991 жылы аталған университеттің «Тарих және француз тілі» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастап, 1994 жылы оқу орнына оқытушы ретінде оралған. 2008–2013 жылдары тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарып, жалпы 20 жылға жуық университетте еңбек етті. Тарих ғылымдарының кандидаты, 150-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы.2013 жылдан бастап мемлекеттік қызметте облыстық білім басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, кейін Amanat партиясының облыстық филиалының төрағасы болды.2024 жылғы сәуірден 2026 жылғы 11 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі ретінде заң шығару қызметіне белсенді қатысты.Жиында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми кеңес мүшелері сөз сөйлеп, жаңа ректорға сәттілік тіледі.

Конференция жұмысына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер ұйымының мүшелері мен қоғам белсенділері қатысып, аға буынның елдік мүдде жолындағы еңбегі, олардың қоғамдағы жауапты рөлі мен өнегелі жолы кеңінен сөз болды.

Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту аясында осындай спорттық шара өткізу – жақсы бастама. Бұл сайлау комиссиясы мүшелерінің бірлігін нығайтып, белсенді өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Аталған спорттық шара тікелей учаскелік сайлау комиссиялары арасында ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 10 команда қатысты. Әр команда құрамында 4 ер және 2 қыз ойыншыдан жасақталған. Қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.
СНХ: КЕҢЕС НӘСІБЕКОВ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ
Жарыс жоғары деңгейде, тартысты жағдайда өтті. Командалар арасындағы бәсеке көрермендерге де ерекше әсер қалдырды. Ойын барысында қатысушылар ұйымшылдық пен өзара қолдаудың маңызын көрсете білді.
СНХ: ӘКІМҰЛЫҚПАН НҰРҒАЛИЕВ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар мен ойыншылар бірнеше номинация бойынша марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.