Жер қойнауын пайдалану жұмыстары жандана беруі тис

Облыс әкімдікте ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өндірісін дамыту департаменті басшысының орынбасары Бақыт Маханов және аталған министрліктің жер қойнауын пайдалану департаменті басшысының орынбасары Сәкен Шәкіровтың қатысуымен жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша жиын өтті. Басқосуға өңіріміздегі ірі мұнай өндіруші компаниялардың өкілдері де қатысып, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев мұнай компания басшыларын әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға шақырды.
Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы әлемдік дағдарыс жағдайында мұнай бағасының құлдырауына қарамастан мұнай өндіру деңгейін сақтап қалу қажет екендігін қадап айтты. Биылғы жылдың 11 айында мұнай өндіру көрсеткіші 8 млн. 252 мың тоннаны құрады. Былтыр осы көрсеткіш 9 млн. 084 мыңнан астам болатын.Мұнай компания басшыларына жоспарды орындау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануды тапсырды.
Сондай-ақ жиында өңір басшысы мұнай компаниялары басшыларына сервистік қызметтік қызмет көрсететін комапаниялар жергілікті болуы тиіс деді. Сонда ғана аймақ тұрғындарының жұмыс орындарын сақтап қалуға болатынын жеткізді.
Бүгінгі таңда аймақтағы мұнай компанияларындағы сервистік қызмет көрсететін мекемелерде 29 мың адам жұмыс жасайды. Сондықтан олардың өңір үшін маңыздылығы жоғары екендігі айтылды. Ағымдағы жылы мұнай бұрғылау жұмыстарының көлемі 80-90 пайызға қысқарса, ұңғымаларлы жөндеу жұмыстары 50 пайызға дейін азайған. Осының салдарынан өткен жылы мұнай компаниялары біраз жұмысшыны қызметінен босатқан.
Сырбойылықтар үшін мұнай газ саласында жұмыс орындарын сақтап қалу да өте маңызды. Өңір басшысы мұнай компанияларына өндірісті әртараптандырып, қысқартылатын жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды. Сіздер үшін қиын кезең басталғанын түсінеміз. Дегенмен, әлеуметтік жауапкершілік таныту қажет. Дағдарыс ұзаққа созылмайды. Көптегенде бір-бір жары жыл болады. Ал біз осы күрделі кезеңнен абыроймен шығуымыз керек. Мұны сіздермен де, сіздерсіз де атқара аламыз, — деп аймақ басшысы жиынды қорытындылады.
Ерқанат Сәрсенбай

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>