Жасампаз жасақ

Ұлы Жеңіс мерекесі де жақындап келеді. Аталарымыз бен әкелеріміздің Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерліктері ұмытылмақ емес. Осы ерлікті ел есінде қайта-қайта жаңғырту үшін Қызылорда қоғамдық теларнасы, міне, төрт жыл бойы үздіксіз «Жасампаз жасақ» жобасын жүзеге асырып келеді. Әр жылы 9 мамыр күні орталық алаңғы жиналған майдангерлердің ұрпақтары ата даңқын асқақтатып «Тағзым» алаңына дейін өз аталары мен әкелерінің суреттерін көтеріп, салтанатты шерумен жүріп өтеді. Бұл дәстүр биыл да өз жалғасын таппақ.

Бессмертный полк

«Жампаз жасақ» жобасына көптеген көрермендеріміз қанық. Олар осы жобаның кеңнен насихатталып, қызы қолдау табуына өздерінің де үлестерін қосып келеді. Майдангерлердің балалары, немерелері мен шөберелері 9 мамыр күні таң еретең аталары мен әкелерінің кеуделері орден медалдарға толы суреттерін көтеріп орталық алаңға жиналады. Олар осы жерде өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізіп, аталары мен әкелері жүрек жалғаған әскери дала асханасынан қарамық ботқасының дәмін татып, одан соң Қазанқап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен орталық алаңға шеру тартады. Қан майданнан оралмаған сарбаздар мен Ұлы Жеңісті ұрпақ еншісіне алып келіп, өздері сол Жеңістің баянды болуы жолында бейбіт өмірде де ерен еңбектің үлгісін көрсеткен, көбі қазір арамызда жоқ, бары ортамыздың құрметті ардагері болып отырған қарт солдаттардың даңқын ұрпақтан ұрпаққа жеткізер «Жасампаз жасақ» жобасы сіздердің де қызу қолдауларыңызды күтеді. Ұмытпайтын, дәріптейтін ұрпағы барда аталар мен әкелердің даңқы мен ерлігі мәңгі жасай бермек. Ұлы Жеңіс мерекесі күні жауынгер шаңырағынан өрбіген барлық ұл-қыздарын «Жасампах жасақ» жобасының салатанат құруына белсенді араласуға шақырамыз.

Готов11111 copy

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>