Заңсыз жер пайдаланушылар анықталған

Алғаш болып баяндама жасаған Қалалық ішкі істер басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы қала көлемінде қараусыз 10 үй мен 18 ғимараттың тізімін жасап, кімге тиесілі екендігін анықтау мақсатында жұмыс жасалып жатқандығын айтып өтті. Өйткені олар мұндай орындарда іщімдіктер ішіліп, қылмыстардың орын алуы мүмкін деп санайды. Сондай-ақ жыл басынан бері құқық бұзған азаматтар жайлы да мәлімдеді.
Prokuratura_02
Баяндамадан соң қала прокуроры учаскелік полиция инспекторларының жұмысына көңілі толмайтындығын білдірді. Жұмысқа деген салғырттықтарынан аса ауыр қылмыстардың орын алып жатқандығын жеткізді. Жұмысты күшейтуге тапсырма берді.
Prokuratura_03
Мұнан соң қалалық білім бөлімі басшысы оқушылар арасында қылмыстардың орын алып жатқандығын жасырмады. Мектептерге бейнебақылаулар орнатылып, жұмыстардың күшейтілгенін де айтты. Соңғы болып есебін жасаған қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы шахарда заңсыз жер иеленгендердің артқанын айтып берді. Титов қыстағында өз бетінше жер иемденген 81 азаматтың анықталып, 51 азаматқа айыппұл салынды дейді. Қалалық прокуратурада өткен жиылста прокурор орын алған заңсыздықтарды дер кезінде жоюға тапсырмалар берді. Алдағы уақытта құқықбұзушылықтардың орын алмауына бірігіп атсалысуға шақырды.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>