Заң бұзғандардың ісі қаралуда

Қызылорда мамандандырылған әкімшілік сотына көші – қон заңдылығын бұзу бойынша іс келіп түсті. Әрбір келіп түскен істер бойынша тиісті шешімдер шығарылып отырады. Оның ішінде кейбіріне жаза ретінде қамауға алу қолданылса, екіншісіне заңдылықтарына сәйкес айыппұл салынбақ. Осындай мәліметті бізге аталмыш соттың төрағасы Мейрамбек Ибрашев айтып өткен болатын.

sud 1 sud 2 sud 3

«Халықтың көші – қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес елімізге келген бөтен мемлекеттің азаматы келу мақсатын көрсету керек. Қырғызстан, Өзбекстан секілді Орталық Азия елдерінен келгендерге біздің республикамызда бір айға дейін жүруге рұқсат берілсе, Ресей, Украина, Белоруссиядан келгендер елімізде үш айға дейін жүре алмақ. Қазақстанға келген өзге елдің азаматтары негізінен осы заңдылықтарды сақтамауынан әкімшілік жазаға тартылады. Мәселен, қонаққа келетін болса, сауда жасауға немесе жұмыс істеуге оларға тыйым салынады. Алайда, көп істер осыдан туындап, яғни елімізге құжатта көрсетілген мақсатпен келгендер өзге әрекеттерге барып, заңды бұзуда. Осы секілді мына Өзбек азаматы Жураев Шокарали Зокиржанұлы екі мәрте заңды бұзған. Оның ісі сотта қаралуда. Алдымен, наурыз айында 517 бап, әкімшілік құқық бұзушылықтың 2-ші және 5-ші бөліктеріне сәйкес ісі қаралып, соты болған. Ал, бұл жолы екінші мәрте қайталануына байланысты қамауға алына отырып, елімізден шығарылмақ.

Our descriptive essay topics are so feasible that they will make https://samedaypaper.org the writing seem so good to you.

Поделиться:

Автор Gulzhaina Altinbekova

Мен, Гулжайна Алтынбекова 1991 жылы өмірге келдім. Қазір жасым жиырма үште. Журналистика саласында қызмет етіп жатқаныма үш жылдан асып барады. Қоғам тв телеарнасында редактор журналист болып қызмет жасаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>